«Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасынасәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпан № 10348 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның (жай) нысаны;»; «19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның (үздік) нысаны;»; 22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;»; «23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;»; 33) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;»; «34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;»; көрсетілген бұйрыққа 18, 19, 22, 23, 27, 28, 33, 34 және 35-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|