Осы редакция 2018 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығына 2-қосымша
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім оқу орындары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беру ұйымдарындағы білім алушылар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - қызмет алушы) тегін көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|