Жыл сайынғы «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларын және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 1272, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 410, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 тамыздағы № 583 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 319 бірлескен бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Патент заңы» туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) Жыл сайынғы «Шапағат» конкурсын өткізу қағидалары; 2) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне және Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|