Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесi туралы
Осы редакция 2007 жыл 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 ж. 2 шілдедегі № 450-11 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Келісім бекітілді
Осы Келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманның жобасын қараңыз
Ұжымдық қауіпсiздiк туралы Шартқа қатысушы мемлекеттер, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарттың негiзiнде (бұдан әрi - Шарт), халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерiн басшылыққа ала отырып, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарт Ұйымының (бұдан әрi - Ұйым) мақсаттары мен принциптерiн тиiмдi iске асыру үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етуге ниет білдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi: Осы Келісімнің мақсаттары үшiн келтiрiлген төмендегi терминдер мынаны білдiредi: «Тараптар» - осы Келісімге қатысушы мемлекеттер; «мүше-мемлекеттер» - Ұйымға мүше-мемлекеттер; «Кеңес» - Ұйым Жарғысының IV-тарауына сәйкес құрылған Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi; «мекендеу мемлекетi» - Ұйым Хатшылығы орналасатын немесе iс-шара өткiзiлетiн аумақтағы мүше-мемлекет; «Ұйым органдары» - Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi, Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi, Қорғаныс министрлерiнiң кеңесi, Ұйымға мүше-мемлекеттер Қауiпсiздiк кеңесi хатшыларының комитетi; «мүше-мемлекеттердің өкiлдерi» - Ұйым шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шараларға қатысатын делегациялардың басшылары мен мүшелерiн қоса алғанда Ұйымға мүше-мемлекеттердiң өкiлдерi; «Хатшылық» - Ұйымның тұрақты әрекет ететiн жұмысшы органы; «Бас хатшы» - Кеңес тағайындайтын, Хатшылықты басқаратын Ұйымның жоғары әкiмшiлік лауазымды тұлғасы; «лауазымды тұлғалар» - тiзбесiн Кеңес анықтайтын, әрбiр мүше-мемлекетке бекітіліп берiлген лауазымдар квотасына сәйкес Ұйымға мүше-мемлекеттердің ұсынуы бойынша Ұйым шеңберiнде белгiленген тәртiпте бекітілген тұлғалар; «қызметкерлер» - Ұйым шеңберiнде мамандар ретiнде олармен жасалған шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн тұлғалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|