Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Осы редакция 2022 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысының 21-тармағының 4) тармақшасына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы: 1) 2022 жылғы 24-26 наурыз аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізсін; 2) 2022 жылғы 11 сәуірге дейінгі мерзімде тексерудің қорытындысы бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне ұсынсын. 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (келісім бойынша) және Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының басшылары іссапар және көлік шығыстарын белгіленген тәртіппен төлесін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 87 бұйрығына қосымша
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|