«Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мәмілеге қатысушылардың трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын (бұдан әрі - Есептілік) толтыру тәртібін айқындайды.»; 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Жергілікті субъект - Заңның 7-1-бабына сәйкес жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген мәміле қатысушысы.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Есептілік мемлекеттік кірістер органдарының салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің Есептілікті қабылдауы туралы хабарламамен электронды түрде ұсынылады және электрондық цифрлық қолмен куәландырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|