|
|
|
Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы (2021.26.07. берілген өзгерістермен)
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 19 Қаулысымен күші жойылды
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына және «Кәсіпкерлік объектілерінде «Аshyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021.26.07. № 18 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, субъектілер Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізсін және пайдалансын. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. 2. Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № 45 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021.26.07. № 18 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етсін: 1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67, № 68 қаулы талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде орындауды; 2) эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың бар-жоғына қарамастан басқа өңірлерден Атырау облысына вахтаға келетін адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша COVID-19-ға ПТР тестілеу (қорытындыны берген күннен бастап 5 тәуліктен аспайтын). 3) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған кәсіпорындардың қызметкерлерін вахтаға кірер кезде оқшаулаусыз COVID-19-ға ПТР тестілеу. Вакцинация алмаған адамдар COVID-19-ға ПТР тестілеуге және 7 күн оқшаулауға жатады. 4) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметкерлері вахтадан шығатын кезде COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын алғаны туралы құжаты болғанда клиникалық белгілер болмаған кезде COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілмейді. 5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қаулысында көрсетілген объектілер / ұйымдар саласында қызметті жүзеге асыратын, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын кәсіпорындардың вакцина алмаған қызметкерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вахтаға келгенге дейін 7 күн оқшаулау және COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі болған кезде міндетті ПТР тестілеуден босатылады. 6) өндірісті қамтамасыз етуге тартылған көлік құралдарының және өнеркәсіптік кәсіпорынның аумағынан тұрақты тұратын жеріне жеткізуге жататын персоналды, қызметкерлер мен өндірістің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік тауарларын, жануарлардан алынатын тауарларды, дәрілік заттарды, дәрі-дәрмектерді, құрылыс материалдарын, ЖЖМ тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілері, шұғыл медициналық көмек көрсететін жағдайда 72 сағат ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинация немесе COVID-19-ға теріс ПТР тестілеу нәтижесі болған кезде өнеркәсіптік объектінің аумағына жіберіледі. 7) COVID-19-бен сырқаттанған науқаспен қарым-қатынаста болған (жақын қарым-қатынаста) адамдар вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаты болған жағдайда аурудың клиникалық белгілері болмаса оқшауланбайды және зертханалық тексерілмейді. Вакцина алмаған, жақын қарым-қатынаста болған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар адамдар 14 күн оқшаулауға жатады. 8) вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындардың COVID-19 диагнозымен стационардан шығарылған қызметкерлері тіркелген сәттен бастап 14 күнге дейін инкубациялық кезең аяқталғанға дейін (14 күн) кәсіпорындардың карантиндік стационарларында қосымша оқшаулауға жатады. 9) вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының № 25 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру. 4. Атырау облысының тұрғындарына: 1) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы үйден дереу медициналық көмекке жүгіну; 2) қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті; 3) 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алу жағдайларын, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі; 4) барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі; 5) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынсын; 5. «Аshyq» жобасына қатысатынына қарамастан тоқтатылсын: 1) көпшілік іс-шараларды (мерекелік, көпшілік мәдени іс-шараларды, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге; 2) ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), кальян, букмекерлік кеңселердің, ойын клубтарының, түнгі клубтардың, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің қызметіне; 3) көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге; 4) ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлерінің жұмысына (демалыс саябақтарында, алаңдарда), бассейндері бар аквапарктердің; 5) алаңдардағы, саябақтардағы, скверлердегі, жағалаудағы балалардың, ересектердің жылжымалы ойын құралдарының ұсақ бөлшек саудасына, жалға беруге; 6) қалааралық, облысаралық, қалалық жүйелі және жүйелі емес автобус және шағын автобус тасымалдарына; 7) жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізуге, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуге рұқсат етумен; Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021.26.07. № 18 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. - 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18-тармақшаларға қатысты әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметі уақыты және жұмыс режимі бойынша тоқтатылсын және шектелсін: 12) сауда үйлері мен СОО (павильондар, бутиктер), сауда желілері - жұмыс күндері ғана сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін: сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 30%-ынан аспайды) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәмханаларды және СОVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 13) қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорталарға, оның ішінде жазғы алаңдарға сағат 07.00-ден сағат 12.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 17.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын белгілей отырып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ете отырып, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауға тиіс), сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен (сағат 24.00-ге дейін тамақ жеткізу бойынша жұмысқа рұқсат етіледі). Асханалардың қызметі - жұмыс күндері сағат 07.00-ден сағат 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (ұйымдастырылған ұжымдарың асханаларын қоспағанда). 14) «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар, барбер шоптар, объектілер алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден бастап сағат 17.00-ге дейін (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен), сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынады. 15) «Ashyq» жобасына қатыспайтын спорт кешендерінің, фитнес орталықтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, спорттық және тренажер залдарының қызметі тоқтатылсын. «Ashyq» жобасына қатысатын спорт кешендері, фитнес орталықтары, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, спорттық және тренажер залдары 07.00-ден сағат 17.00-ге дейін (толтырылуы 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 50%-ынан аспайды), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 16) «Ashyq» жобасына қатыспайтын сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, моншалардың қызметі тоқтатылсын. «Ashyq» жобасына қатысатын сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, моншаларға - алдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (толтырылуы 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 50%-ынан аспайды), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 17) жеке, топтық дайындықтарды, театрларды, концерт залдарын, филармонияларды қоса алғанда, мәдениет объектілері жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын кинотеатрлардың қызметі жұмыс күндері 09.00-ден сағат 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады, «Ashyq» жобасына қатыспайтын кинотеатрлардың қызметі тоқтатылсын. 18) «Ashyq» жобасына қатыспайтын компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулингтердің қызметі тоқтатылсын. «Ashyq» жобасына қатысатын компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулингтер жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатумен, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ете отырып, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 7. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі. 8. Қоғамдық көліктің жұмыс режимі жұмыс күндері және сенбі күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, барлық есіктерін ашуымен белгіленсін, жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынсын. Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізу қамтамасыз етілсін. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі. 9. Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жандандырылсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беру қамтамасыз етілсін; 10. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін: - «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 68, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын; - облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын; 11. Атырау облысының Полиция департаментіне: шектеу шараларын сақталуы бойынша патрульдер ұйымдастырсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталса, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына дереу материалдар жіберсін; 12. Атырау облысының Ішкі саясат басқармасына: - бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар етсін; - облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін. 13. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 13 «Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» және 2021 жылғы 4 шілдедегі № 14 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 14. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ә.А. Бекешеваға жүктеймін. 15. Осы қаулы 2021 жылғы 17 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |