Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 желтоқсандағы № 130/625 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 2-2) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына және 22-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Әбдіров |
Хатшы | М. Ерман |
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 130/625 қаулысына қосымша
Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің
тізбесі мен шекаралары
Астана қаласы (2)
1) №1 сайлау округі
(орталығы – Астана қ.)
«Алматы», «Байқоңыр» аудандарының шекараларында
2) №2 сайлау округі
(орталығы – Астана қ.)
«Есіл», «Сарыарқа» аудандарының шекараларында
Алматы қаласы (3)
3) №3 сайлау округі
(орталығы – Алматы қ.)
Алатау, Әуезов аудандарының шекараларында
4) №4 сайлау округі
(орталығы – Алматы қ.)
Алмалы, Жетісу, Түрксіб аудандарының шекараларында
5) №5 сайлау округі
(орталығы – Алматы қ.)
Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарының шекараларында
Шымкент қаласы (2)
6) №6 сайлау округі
(орталығы – Шымкент қ.)
Абай ауданы, Тұран ауданы, Әл-Фараби ауданы шекараларында