Осы редакция 2020 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 5-қосымша
Медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және резидентура тыңдаушыларының білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, олардың даярлық деңгейін белгілейді. Осы стандартта терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік - білім туралы құжатта көрсетілген кәсіптік қызметті орындау немесе білім алуды жалғастыруға резидентура түлегінің кәсіби даярлығының дәрежесі мен түрі; 2) жетекші - резидентура тыңдаушыларына бекітілген, академиялық тәлімгердің қызметтерін атқаратын, жеке оқу жоспарын жүзеге асыруға және қалыптастыруға қатысатын, білім алушылардың ғылыми қызметтері мен білім беруші жетекшілігін жүзеге асыратын, жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін тұлға. Жетекші кафедраның (бөлімнің) профессорлық-оқытушылық құрамынан немесе бірінші және жоғары санаттағы білікті практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінен тағайындалады; 3) клиникалық тәлімгер - резидентура тыңдаушыларына қажетті практикалық дағдыларды меңгертуге бекітілген кафедраның (бөлімнің) профессорлық - оқытушылық құрамынан немесе бірінші және жоғары санаттағы білікті практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінен тағайындалатын тұлға; 4) кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі; 5) құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|