Осы редакция 2017 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.29.04. № 342 бұйрығымен 9-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына 9-қосымша
«Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Порталға жүгіну кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік). Куәлік мамандардың кәсіби дайындығының және біліктілігінің сәйкестігін бағалаудың оң нәтижелері негізінде 5 жыл мерзіміне не өтініш берілген мамандық бойынша беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|