ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024.09.02. № 33 бұйрығымен 2-3-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-3-қосымша
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша (2024.08.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024.01.11. № 184 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы уақытша Қағидалар мемлекеттік органдарда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізу (бұдан әрі - іріктеу) тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2-тармағына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 23-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі-жүйе) «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталда жүргізілетін келесі кезеңдерді қамтиды: 1) жеке қасиеттерін бағалату; 2) жалпы конкурс. 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) үміткер - Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкескелетін, іріктеуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|