Денсаулық сақтауды цифрландырудың 2021-2025 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 29-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Денсаулық сақтауды цифрландырудың 2021-2025 жылдарға арналған стратегиясы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті осы бұйрық қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 334 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды цифрландырудың 2021-2025 жылдарға арналған стратегиясы
1-тарау. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050 «Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының халқына Жолдауы шеңберінде негізгі салалық бағыттардың бірі ретінде денсаулық сақтау айқындалған және әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік белгіленген, олар мыналарды қамтиды: 1. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары 1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт 1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау 1.3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздік проблемаларын шешу 1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту 2. Ананы қорғау. Әйелдерге арналған үндеу 3. Баланы қорғау 4. Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі 4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|