Осы редакция 2019 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.07.04. № 111/3 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.14.04. № 88/2 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 170/6 қаулысымен бекітілген
«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017.14.04. берілген өзгерістермен)
1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринариялық анықтама не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 4. Мемлекеттік қызмет жеке заңды тұлғаға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|