2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (2021.04.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021.03.03. № 3/13-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.23.04. № 4/24-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.02.06. № 5/46-VII шешімімен (бұр.рерд.қара); 2021.04.08. № 7/58-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 542 801 230,5 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 46 351 862,9 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 4 729 684,9 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 709,8 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 491 716 972,9 мың теңге; 2) шығындар - 548 672 364,5 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 3 115 316,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 23 261 314,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 20 145 998,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 906 630,0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 906 630,0 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 9 893 080,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 9 893 080,0 мың теңге: қарыздар түсімі - 24 289 475,7 мың теңге; қарыздарды өтеу - 16 278 510,6 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 882 114,9 мың теңге. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|