Осы редакция 2019 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 2-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Осы стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның жұмыс істеу тәртібін, мыналарға: 1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар); 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар); 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар); 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі - мүгедектер); 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі - қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды. Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызмет алушылар деп аталады. 3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар деп қызмет алушыларды ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар (бұдан әрі - жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) танылады. 4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|