|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 53-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын: «бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;». 2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 142-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «142-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік»; 2) 1-баптың 1-тармағында: 37-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «37-3) денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету - концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда концессия объектісін концессия объектісінің нысаналы мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарларды өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету мақсаттарында пайдалану;»; мынадай мазмұндағы 37-5) тармақшамен толықтырылсын: «37-5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау - тиісті маман сертификатын бере отырып, медицина жұмыскерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкес келетінін айқындауға және оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге, денсаулық сақтау менеджерлеріне арналған міндетті рәсім;»; 59-3) және 59-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «59-3) консилиум - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу; 59-4) контрацепция - қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері мен құралдары;»; мынадай мазмұндағы 59-5) және 59-6) тармақшалармен толықтырылсын: «59-5) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін (концессия объектісі) пайдалану - денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісін пайдалану, ол концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда техникалық және функционалдық қызмет көрсетуді көздеуі мүмкін; 59-6) концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету - концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісін оған функционалдық қызмет көрсету үшін ақаусыз, қауіпсіз, жарамды күйде ұстауға бағытталған, технологиялық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін жүзеге асыра отырып, денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісін пайдалану, сондай-ақ оны ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеуді жүзеге асыру, сервистік және (немесе) қосалқы қызметті басқару, орындау;»; 60), 61) және 112-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «60) көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті баға - дәрілік заттың саудалық атауына арналған баға, оны одан жоғары бағамен көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға болмайды; 61) күн сайынғы дәрігерлік конференция - медициналық ұйымның өткен тәуліктердің қорытындысын шығару, клиникалық жағдайларды талқылау және талдау, сондай-ақ ұжымға медицина ғылымы мен клиникалық практиканың жаңа жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатындағы жоспарлы кеңесі;»; «112-2) функционалдық оператор - концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, концессия шартының тарапы болып табылмайтын, жарғылық қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын мемлекеттік заңды тұлға не жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға немесе жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы;»; мынадай мазмұндағы 112-3) тармақшамен толықтырылсын: «112-3) халықтың декреттелген тобы - халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтырудың барынша қаупін төндіретін адамдар;»; 3) 23-тарау мынадай мазмұндағы 142-1-баппен толықтырылсын: «142-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік 1. Денсаулық сақтау объектілерін құру (реконструкциялау) және пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін (концессия объектісін) пайдалануды концессионермен қатар функционалдық оператор да жүзеге асыра алады. Мұндай жағдайда концессионердің концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету шеңберінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін шығындарды өтетуге және кірістер алуға құқығы бар. 3. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде концессия шартын жасасуды көздейтін концессиялық жобаларды іске асыру кезінде: 1) концедент құрылған концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша функционалдық операторға береді; 2) концессионер концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді; 3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізілгенге дейін айқындалатын функционалдық оператор концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. 4. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде жасалған концессия шарты функционалдық оператор туралы ережені, сондай-ақ концессионер мен функционалдық оператордың концессия объектісін бірлесіп пайдалану тәртібін қамтуға тиіс. 5. Функционалдық оператордың осындай қызмет үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсат беру құжаттары болуға тиіс не оларды концессия объектісін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану басталғанға дейін алуы тиіс. 6. Функционалдық оператор: 1) концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету мақсатында жасалған мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген шарттарда концессия объектісіне қатысты құқықтарды жүзеге асыруға; 2) концессионермен бірлесіп концессия объектісін концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда пайдалануға; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 7. Функционалдық оператор: 1) концессия объектісінің бейінін сақтауға; 2) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген тауарларды өндіруге және (немесе) жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтерді көрсетуге; 3) Қазақстан Республикасының экология және еңбек заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауға; 4) концессия объектісіне өз кінәсі бойынша келтірілген залалды өтеуге; 5) концессия объектісін концессия шартында көзделген тәртіппен концессионермен бірлесіп пайдалану шарттарын сақтауға; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.». 3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат): 114-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сотталған әйелдер Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүктiлiкке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етiледi.». 4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 92-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн» деген сөздер «өздерінің пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «8-1-бап. Жәрдемақыға құқықтың сақталуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жәрдемақы тағайындалған, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес жәрдемақы алу құқығын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтап қалады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген отбасыларға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.». 6. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Осы Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.»; 6-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 27-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш берушіге және Корпорацияға жіберіледі.». 7. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: «3-2) кепілдік берілген әлеуметтік топтама - бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлерде және көлемдерде көрсетілетін көмек;»; 4) тармақшадағы «ақшалай нысанда беретін төлем» деген сөздер «беретін көмек» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-1) тармақшадағы «отбасыға» деген сөз «адамға (отбасыға)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 2-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға: 1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға); 2) осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы; 3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) - атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) - оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы; 5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.»; 4-тармақтың 2) тармақшасындағы «жеті» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын; 6-тармақтың 4) тармақшасындағы «жеті жасқа дейінгі балаларды» деген сөздер «үш жасқа дейінгі баланы» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы: атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар; тиісті оқу жылы кезеңінде орта білім беру ұйымдарында білім алатын, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар, табысы аз отбасыларға беріледі. Шартсыз немесе шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтату осы тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.»; 3) 3-бапта: 1-тармақта: екінші бөлік алып тасталсын; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, өтініш беруші мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады, ал өтініш берушіде мұндай мүмкіндік болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерде - әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен тоқсан сайын расталады.»; 4) 4-бапта: 1-тармақта: үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Заңның мақсаттары үшін отбасы құрамына: 1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі; 2) мерзімді әскери қызметтегі; 3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ шын мәнінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |