Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) арасында бөлу бекітілсін. 2. ЖЖОКБҰ-ның ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттер мен магистранттарға ЖЖОКБҰ-ның ғылыми қеңестері шешімдерінің негізінде тағайындасын. 3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті көрсетілген стипендияны 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде төлеуді жүзеге асырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 204 бұйрыққа қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|