Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы
Осы редакция 2021 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, соның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес қосымша берілсін. 2. Қостанай облыстық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7837 болып тiркелген); 2) «Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 20 наурыздағы № 490 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9056 болып тiркелген). 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешіміне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша ұсынылатын дәрілік заттар
1. «Метотрексат» препараты, егуге арналған ерітінді, жүйелі склеродермиямен ауыратын азаматтарға. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|