Осы редакция 2018 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығына 2-қосымша
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|