Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа 2-қосымша
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидалары (2024.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.04.05. № 80 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 176-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі - ПМБ) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтатудың тәртібін айқындайды. 2. Динамикалық байқау, оның ішінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулары бар науқастарды диагностикалық зерттеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі.
2-тарау. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқауды тоқтату тәртібі
3. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау созылмалы ПМБ ағымының өршуі мен нашарлауының алдын алу мақсатында жүзеге асырылады, оған: емдеу-диагностикалық іс-шаралар, денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлей отырып оңалту әлеуетін айқындау, қоғамдық қауіпті іс-қимылдың алдын алу кіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|