Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы 2003 ж. 3 маусымдағы № 423-II Қазақстан Республикасының Заңы (2018.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2018 жылғы 2 шілдедегі № 168-VI ҚР Заңын қараңыз (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар 2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау 3-бап. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау 3-1-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары 4-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар 3-тарау. Қорды құру және оның қызметі 5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары 6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті 6-1-бап. Консультативтік комитет 8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары 9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары 10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары 12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі. 13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру 14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары 15-бап. Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі 16-бап. Алып тасталды 17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы 17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы 17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру 17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау 6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері 18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері 19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері 20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері 21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру 23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік 24-бап. Алып тасталды
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметiне бақылауды қамтамасыз ету принциптерiн айқындайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) агент-банк - Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 2) жәбірленуші - көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам; 3) зиянды өтеу резерві - зиянды өтеу резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бастапқы біржолғы жарналар мен қосымша жарналар, сондай-ақ комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін ғана пайдаланылатын ақша сомасы; 4) консультативтік комитет - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган; 5) кредитор - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік беретін, сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша, таратылатын сақтандыру ұйымының аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кепілдік төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не сақтандыру шарты мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде келтірілген зиянды жәбірленушіге (зиянның өтелуіне құқығы бар адамға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға; 6) қосымша жарна - осы Заңға сәйкес зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін, сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы; 7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - өзіне қатысты соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы; 8) меншікті капитал - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өзінің міндеттемелеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервіне азайтылған активтері; 9) міндетті жарналар - қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша төлейтін ақша сомасы; 10) өтініш беруші - сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы; 11) сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлем - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) сақтандырылушының пайдасына төлейтін ақша сомасы; 12) сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері; 13) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы; 14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі - сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыруының міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыруының аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді алуға байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені; 15) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы; 16) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері - осы Заңда көзделген жағдайларда, өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы; 17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры міндетті жарналар, комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (залалдар), сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебінен қалыптастыратын ақша сомасы; 18) сақтандыру шарты - сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымымен жасасқан шарт; 19) таратылатын сақтандыру ұйымы - уәкілетті орган өзіне қатысты лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған қатысушы - сақтандыру ұйымы; 20) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы; 21) үлгілік қатысу шарты (бұдан әрі - қатысу шарты) - осы Заңда белгіленген тәртіппен және талаптармен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты; 22) шартты міндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төтенше жарналарды төлеу үшін қалыптастыратын, қор алдындағы міндеттемелері.
2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі - Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 2. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2018 жылғы 2 шілдедегі № 168-VI ҚР Заңымен 3-1-бапқа өзгерістерді қараңыз (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-1-баппен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3-1-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары Уәкілетті орган Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымдарының, Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлататын бұзушылықтарын, құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолданады. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының есептілікті беру ережесін қараңыз
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-2-баппен толықтырылды 3-2-бап. Санкциялар Уәкiлеттi орган осы Заңның 4-бабының 8) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету түріндегі санкцияны Қордың басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға (сайлауға) берiлген келісімдi мынадай негiздердiң бiрi бойынша керi қайтарып алумен бiр мезгiлде қолданады: 1) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) Қор активтерiн инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзу; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу; 4) уәкiлеттi органға қатарынан екi күнтiзбелiк ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген есептiлiктi (қаржы есептiлiгiн қоса алғанда) табыс етпеу; 5) бухгалтерлiк есепте Қордың осы Заңда көзделген қызметтi жүзеге асыруы жөніндегі операцияларды тиiстi дәрежеде көрсетпеуiне, сондай-ақ есептiң өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) анықтау; 6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген дұрыс емес мәлiметтер мен есептiлiктiң табыс етiлуiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) белгiлеу; 7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың оған белгiлi болған фактілері туралы уәкiлеттi органды бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) хабардар етпеу; 8) өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы алынған мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға (уәкiлеттi органды қоспағанда) жария ету немесе беру; 9) Қордың жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебiнде көрсетiлген бұзушылықтарды Қордың аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймауы.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 1. Уәкiлеттi орган: 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттейтiн, оның iшiнде кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру тәртібі мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшін стандартты болып табылатын қатысу шартын бекітеді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді; 4) Қор есептiлiгiнiң (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) көлемiн, оны табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды; 5) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) Қор акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен талаптарын белгiлейдi; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекітеді; 7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуiне жататын, Қордың директорлар кеңесi белгiлеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбiр күнтiзбелiк жылға арналған мiндеттi және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты мiндеттемелерiн келiседi; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8) Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім береді, сондай-ақ келісімді беру тәртібін және келісімді алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді; 9) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде қолданады; 10) Қор жарғысына енгiзiлетiн өзгерiстердi және толықтыруларды келiседi; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) Қордың қызметін тексеруді жүргізеді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды 10-2) корпоративтік стратегияны, тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты, ішкі аудит жөніндегі саясатты, есепке алу саясатын, сондай-ақ енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келіседі; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды 10-3) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Уәкiлеттi органның мынадай: 1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру; 2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметiне Қорға тиесiлi барлық активтердiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомадағы активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы қатысуы; 3) Қор мiндеттемелерiн оның өз капиталы мөлшерiнiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомаға ұлғайту; 4) Қордың өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы; 5) iрi мәмiлелердi және Қордың жасауға мүдделiлiгi бар мәмiлелердi жасасу мәселелерi бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесiнiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады. 3. Акционерлердiң жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесiнде қабылданатын шешiмдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi органмен келiсуге жатады. 4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар 1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады: 1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері; 2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері; 2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі және (немесе) қаржылық қызметтерді көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) қаржы ұйымдарына аудитті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек өтілі жоқ; 3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы; 4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы-заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады; 5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Қордың басшы қызметкері тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға құқылы. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, Қор осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Уәкілетті органның келісімінсіз Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен асырып атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды. Қор құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган оларды қарамастан Қорға қайтарып береді. Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады. 4. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады: 1) басшы қызметкерлерінің осы бапта, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі; Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады: кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы; кандидаттың не аудармашының (егер бұл аудармашыны кандидат өзі ұсынған болса) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы; кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі; 3) Қордың уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе Қордың уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықтаған құжаттарды осы баптың 3-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы; 4) басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқаратын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы; 5) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың болуы. Осы талап Қор кандидатты келісу туралы өтінішті берген күнге дейін бір жыл бойы қолданылады; 6) басшы қызметкер лауазымын атқаратын (атқарған) не басшы қызметкердің міндеттерін орындайтын кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат қаржы ұйымының, Қордың, банк, сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, Қорға, осы банкке немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар 2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау3-бап. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау3-1-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары3-2-бап. Санкциялар4-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар 3-тарау. Қорды құру және оның қызметі5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті6-1-бап. Консультативтік комитет7-бап. Қор кепілдіктері8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары 4-тарау. Қорға қатысу тәртібі9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары11-бап. Қатысу шартын тоқтату12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі.13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары15-бап. Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі16-бап.17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы 5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау 6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер |