«Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22439 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) биржалық брокер (бұдан әрі – брокер) – өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесінде биржалық тауармен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі; 2) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) - тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауармен өз мүдделері үшін және өз есебінен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі; 3) биржалық мәмілелер – биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын мәмілелер; 4) биржалық саудаға қатысушылар – тауар биржасында биржалық сауданың белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|