Осы редакция 2019 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрлік, Министрліктің аумақтық бөлімшелері, оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні; 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыларға апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін қағаз түрінде беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|