Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018.28.05. № 120 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 211 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 Қаулысымен күші жойылды
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2018.28.05. берілген өзгерістермен)
1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну түрі: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасатын жері туралы келісу-хаты немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған бөлмелерді ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағымен қарастырылған негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|