Даму институттарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Осы редакция 2019 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы оған «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі осы қаулының 1-тармағын орындағаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын «Қазақстандық өнеркәсіпті дамыту орталығы» акционерлік қоғамы етіп қайта атауды; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, соның ішінде «Қазақстандық өнеркәсіпті дамыту орталығы» акционерлік қоғамы қызметінің нысанасын айқындауды көздейтін өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 830 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|