|
Суаратын суды пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2025.14.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Суаратын суды пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығымен бекітілген
Суаратын суды пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Суаратын суды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) әзірленді және суару суын пайдалану тәртібін айқындайды. ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025.22.08. № 210-НҚ бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады: 1) суды пайдалану жоспары - суармалы егіс алқаптарының құрылымын, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимдерін және ирригациялық желілердің техникалық сипаттамаларын ескере отырып, су тұтынушыларға суармалы су беру көлемін, тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|