«Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Құн түрлері» бағалау стандарты;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымалы мүліктің құнын бағалау» бағалау стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау» бағалау стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бағалау базалары мен құнның типтері» бағалау стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау» бағалау стандартында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы «Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау» бағалау стандарты (бұдан әрі - стандарт) халықаралық бағалау стандарттарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және зияткерлiк меншiк пен материалдық емес активтердi бағалау тәсілдері мен әдiстерiне қойылатын негізгі талаптарды белгiлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|