«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 (26973-26975) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 1. Осы Қағидалар: 1) мәмілелерді куәландыру; 2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру; 3) келісулерді куәландыру; 4) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру; 5) неке шарттарын куәландыру; 6) өсиеттерді куәландыру; 7) конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау; 8) сенімхаттарды куәландыру; 9) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру; 10) мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау; 11) мұрагерлікке құқық туралы куәлік беру; 12) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру; 13) құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру; 14) құжаттардағы қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландыру; 15) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру; 16) фактілерді куәландыру; 17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру; 18) ақшаларды депозитке қабылдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|