Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 75 Қаулысы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 75 қаулысымен бекітілген
Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. Қағидалар Каспий теңізінің қазақстандық секторында (бұдан әрі - КТҚС) мемлекеттік органдар мен ұйымдар теңіз қызметін жүзеге асырған кезде теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 2. КТҚС-да теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету: 1) навигациялық жабдық құралдарын орнату және пайдалану; 2) теңізде жүзушілерді навигациялық ахуалдағы өзгерістер туралы хабардар ету; 3) КТҚС-да гидрографиялық түсірілімдер жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|