Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 380 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 380 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2298 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 48-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы»; 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:». 2. «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 681-құжат): 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|