Ішкі істер органдарындағы уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 95 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары бекітілсін. 2. «Ішкі істер органдары уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 385 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1883 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде» жарияланған, 2003 ж., №16, 844-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді; 4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|