ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 442 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 48-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде: 1-тармақта: орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Кеңестің функциялары: 1) Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) Қордың даму стратегиясын мақұлдау және оның іске асырылу барысы туралы Қордың жыл сайынғы есебін қарау, сондай-ақ Қор өз қызметін жүзеге асыратын экономиканың басым секторлары бойынша ұсыныстар әзірлеу; 3) әлеуметтік маңызы бар және индустриялық-инновациялық жобаларды, оның ішінде республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөле отырып іске асыруды қоса алғанда, қазақстандық экономиканы әртараптандыру және жаңғырту мемлекеттік бағдарламаларына Қордың қатысуы жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарын қарау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|