Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығы (2024.22.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.24.04. № 172 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.24.04. № 172 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.09.12. № 394 бұйрығымен (2024 ж. 22 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.24.04. № 172 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|