Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2019 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 3-бап. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамасы 4-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 5-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық жағдайы 6-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің негізгі түрлері 11-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметі 2-тарау. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту саласындағы мемлекеттік реттеу 12-бап. Мемлекеттік органдар және ауыл шаруашылығы кооперативтері 13-бап. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. Ауыл шаруашылығы кооперативін құру 15-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін құру тәртібі 16-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты 17-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысы 19-бап. Филиалдар мен өкілдіктер 4-тарау. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкі 20-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкін қалыптастыру көздері 21-бап. Кооператив мүшелерінің пайлары мен жарналары 22-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативі мен оның мүшелерінің мүліктік жауапкершілігі 23-бап. Кооператив мүшелеріне кооперативтік төлемдер 24-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің таза табысын оның мүшелері арасында бөлу 5-тарау. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік 25-бап. Кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің құқықтық жағдайы 26-бап. Кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің құқықтары 27-бап. Кооператив мүшелерінің міндеттері 29-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелікті тоқтату 30-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік тоқтатылған кезде пайды сату, төлеу (беру) 31-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінен шығару 6-тарау. Ауыл шаруашылығы кооперативін басқару 33-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарының жүйесі 34-бап. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы 35-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің басқармасы 36-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру 37-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы 38-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметінің аудитi 39-бап.-Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастықтары (одақтары) 7-тарау. Ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру және тарату 40-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру 41-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін тарату 42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар Осы Заң ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтық жағдайын, олардың құрылуы, қызметі, қайта ұйымдастырылуы және таратылуы тәртібін айқындайды.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастығы (одағы) - өз мүшелерінің қызметін үйлестіруді және олардың ортақ мүлiктiк және өзге де мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерiктi түрде бiрiгуi; 2) ауыл шаруашылығы кооперативінің қауымдасқан мүшесі (бұдан әрі - кооперативтің қауымдасқан мүшесі) - осындай мүше үшін ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында көзделген ақша түрінде мүлік (пай) жарнасын енгізген, ол бойынша дивидендтер алатын, өзі енгізген мүлік (пай) жарнасы құнының шегінде ауыл шаруашылығы кооперативі қызметімен байланысты залалдар тәуекелін көтеретін, ауыл шаруашылығы кооперативінде кеңесші дауыс құқығы бар, сондай-ақ осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, басқа да құқықтар мен міндеттер берілген жеке немесе заңды тұлға; 3) ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтайшылары (бұдан әрі - кооператив құрылтайшылары) - құрылтай жиналысында ауыл шаруашылығы кооперативін құру туралы шешім қабылдайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 4) ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшесi (бұдан әрі - кооператив мүшесі) - осы Заңның және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысының талаптарына сәйкес келетін, мүлік (пай) және кіру жарналарын енгізген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пай сатып алған, сондай-ақ осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысында белгіленген басқа да құқықтары мен міндеттері бар жеке (немесе) заңды тұлға; 5) ауыл шаруашылығы кооперативінің пай қоры (бұдан әрі - пай қоры) - кооператив құрылтайшылары оны құрған кезде, кооператив мүшелері, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелері енгізетін мүлік (пай) жарналарынан тұратын және ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкін қалыптастыру көздерінің бірі болып табылатын қор, оны қалыптастыру және пайдалану тәртібі ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында айқындалады; 6) ауыл шаруашылығы кооперативінің резервтік қоры (бұдан әрі - резервтік қор) - ауыл шаруашылығы кооперативі қызметінің процесінде туындайтын, оның ішінде күтпеген мән-жайлардың салдарынан келтірілген залалдарды жабуға және өзге шығыстарды қамтамасыз етуге арналған қор, оны қалыптастыру және пайдалану тәртібі ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында айқындалады; 7) ауыл шаруашылығы кооперациясы - ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) жүйесі; 8) кіру жарнасы - мөлшерін кооперативтің құрылтайшылары айқындайтын және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспайтын, кооператив құрылтайшылары ауыл шаруашылығы кооперативін құрған кездегі не оған кооперативтің мүшелері кірген кездегі ұйымдастыру мәселелерімен байланысты шығыстарды жабуға арналған және кооператив мүшесі одан шыққан кезде қайтаруға жатпайтын ақша түріндегі бастапқы жарна; 9) қосымша жарна - өзінің пайын ұлғайту үшін не кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен көзделген жағдайларда ерікті түрде өзі енгізетін кооператив мүшесінің мүліктік жарнасы; 10) мүлік (пай) жарнасы - кооператив құрылтайшысының және мүшесінің пай қорына мүлік түріндегі (ақша, бағалы қағаздар және басқа да қаржы құралдары, заттар, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектілендірілген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүлік және зат құқықтары және басқа да мүлік), сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшесiнiң пай қорына ақша түріндегі жарнасы; 11) пай - кооператив мүшесінің пай қорындағы үлесі.
3-бап. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 1. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаттары: 1) кооператив мүшелерінің әлеуметтiк-экономикалық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың мүдделерін қорғау; 2) кооператив мүшелерінің кірістерін арттыру; 3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, қайта өңдеу, өткізу, сақтау, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау салаларында бәсекелестік ортаны құру; 4) инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушiден тұтынушыға тiкелей беруді қамтамасыз ету; 5) кооператив мүшелерінің қажетті ресурстарды тиімді шарттар бойынша сатып алуына жәрдемдесу және өздерiнiң өндірістік және өзге де шаруашылық қызметiн қаржыландыруға қол жеткiзе алу болып табылады. 2. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі қағидаттары: 1) ауыл шаруашылығы кооперативіне кірудің және одан шығудың ерiктiлiгi, осы Заңның және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысының талаптарына сәйкес келетін кез келген тұлғалардың кіру мүмкіндігі; 2) кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелерiнiң тең құқықтылығына негiзделген басқарудың демократиялылығы: мүлік (пай) жарналарының мөлшері мен санына қарамастан бiр мүше - бiр дауыс; 3) ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарының сайланбалылығы және оның мүшелерінің жалпы жиналысына есеп берiп отыруы; 4) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дербестігі және қызметінің тәуелсіздігі; 5) ауыл шаруашылығы кооперативінің өз мүшелеріне тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өзіндік құны бойынша сатуы; 6) өзара көмек және кооператив мүшелері үшін экономикалық пайданы қамтамасыз ету; 7) ауыл шаруашылығы кооперативінің, ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) қызметi туралы ақпаратқа олардың барлық мүшелерiнiң қолжетiмдiлiгi болып табылады.
5-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық жағдайы 1. Ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруде, қайта өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, кредиттеуде, сумен қамтамасыз етуде немесе кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсетуде олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірлескен өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 2. Ауыл шаруашылығы кооперативі, егер құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. 3. Ауыл шаруашылығы кооперативі коммерциялық ұйым болып табылады, оның азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға қажетті, оның қызметімен байланысты міндеттерді атқарады. 4. Ауыл шаруашылығы кооперативінің фирмалық атауы «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі» деген сөздерді немесе «АӨК» деген аббревиатураны көрсете отырып, оның атауын қамтуға тиіс. Ауыл шаруашылығы кооперативі фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқылы. 5. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Кооператив мүшелерінің ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметіне жеке еңбегімен қатысуы міндетті болып табылмайды.
6-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің негізгі түрлері 1. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің негізгі түрлері ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, қайта өңдеу, өткізу, сақтау, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау және кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне сервистік қызмет көрсетудің басқа да түрлері болып табылады. Ауыл шаруашылығы кооперативі қызметтің бір және (немесе) бірнеше түрлерімен айналысуға құқылы, бұл оның жарғысында көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтері тиісті рұқсаттың (лицензияның) негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқылы. 2. Ауыл шаруашылығы кооперативі қызметінің негізгі түрі оның фирмалық атауында көрсетілуі мүмкін.
7-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру жөніндегі қызметі ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатынан жасалатын кең тұтынылатын тауарларды өндіруге және қайта өңдеуге бағытталған.
8-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметі ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеуге және көтерме және (немесе) бөлшек сауда жүйесі арқылы, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің (мұндайлар болған кезде) сауда жүйесін пайдалану арқылы оларды одан әрі сатуға бағытталған.
9-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің кооператив мүшелерінің және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативінің өзі тікелей өндіретін ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу жөніндегі қызметі кооператив мүшелерінің және басқа да тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу жөніндегі қызметіне жас және (немесе) қайта өңделген түрінде шикізатты жинау, дайындау, сақтау, сұрыптау, кептіру, сату да, сондай-ақ маркетингтік қызметтер және кооператив мүшелері және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативінің өзі өндіретін ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін тасымалдау қызметтері жатады.
10-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау жөніндегі қызметі кооператив мүшелерін өндіріс процесінде қажетті өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен: жанар-жағармай материалдарымен, тұқымдармен, тыңайтқыштармен, гербицидтермен, пестицидтермен (улы химикаттармен), ветеринариялық препараттармен, жемшөппен, ауыл шаруашылығы техникасымен және технологиялық жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен, құрылыс және ауыл шаруашылығы өндiрiсiне арналған басқа да iлеспе материалдармен қамтамасыз етуге бағытталған.
11-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сервистiк қызмет көрсету жөніндегі қызметі кооператив мүшелеріне ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiруге, қайта өңдеуге және сатуға, сондай-ақ әртүрлі салада (материалдық-техникалық, агрохимиялық, көліктік қызмет көрсету, кредиттеу, сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, техниканы жөндеу мен оған қызмет көрсету, телефондандыру, мал тұқымын асылдандыру және селекция қызметi, ветеринариялық қызмет көрсету, мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығындағы, ормандар өсiрудегi зерттеулер, бухгалтерлік есеп және аудит, консультациялық қызмет көрсету және басқа салаларда) олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған.
2-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАЦИЯСЫН ДАМЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
12-бап. Мемлекеттік органдар және ауыл шаруашылығы кооперативтері 1. Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жарғысына, сондай-ақ кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы кооперативінің, ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) шаруашылық, қаржылық және өзге де қызметіне араласуға құқығы жоқ. 2. Мемлекеттiк органдардың немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының ауыл шаруашылығы кооперативінің, ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) құқықтарын бұзатын актiлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн. 3. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңсыз шешімдері, әрекеттерi (әрекетсіздігі) салдарынан ауыл шаруашылығы кооперативіне, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастығына (одағына) келтiрiлген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен өтеледi.
13-бап. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында: 1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуының және қызметінің тәжірибесін, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуде және іске асыруда ақпараттық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады; ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметіне қатысты қолайлы салықтық, қаржы-кредиттік, инвестициялық саясатты құру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлейді; 3) ауыл шаруашылығы кооперациясы үшін кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға және ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдеседі; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) және жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыреті 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттары) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында: 1) тиісті аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту кезінде көрсетілген құжаттарда, ақпараттық және қаржылық қолдауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кооперациясын дамыту саласындағы іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздейді; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және іс-шараларды жүзеге асырады; 2) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың мүшелеріне шығаратын өнімінің ассортименті бойынша сауда орындарын бере отырып, өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастырады; 3) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімін сату үшін коммуналдық базарларда сауда орындарын жеңілдікті шарттармен ұсынады; 4) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады; 5) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру мен дамыту, оларды жаңғырту үшін жағдайлар жасау және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; 6) ауыл шаруашылығы кооперациясының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасайды; 7) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІН ҚҰРУ
15-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін құру тәртібі 1. Ауыл шаруашылығы кооперативі құрылтай жиналысының шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаларды ауыл шаруашылығы кооперативіне қайта құру жолымен құрылады. 2. Ауыл шаруашылығы кооперативі кемінде үш құрылтайшының шешімі бойынша құрылады. 3. Құрылтай жиналысында құрылтайшылар ауыл шаруашылығы кооперативін құру туралы шешімді қабылдайды, оның жарғысын, кооператив құрылтайшыларының тізімін бекітеді, мемлекеттік тіркеу үшін ауыл шаруашылығы кооперативінің құжаттарына қол қоюға және оларды ұсынуға, кооперативтің құрылтайшылары мүлік (пай) жарнасы ретінде енгiзетiн мүлiктi, оның iшiнде мүлiктiк және заттық құқықты ақшамен бағалауды белгiленген тәртiппен жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген адамдарды сайлайды, ауыл шаруашылығы кооперативінің фирмалық атауын және орналасқан жерін, қызмет түрлерін айқындайды, ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарын сайлайды және ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылуына және қызметінің басталуына қатысты басқа да мәселелерді шешеді. 4. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттары ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты және жарғысы болып табылады. 5. Заңды тұлға ретінде ауыл шаруашылығы кооперативінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеу сәтінен басталады. 6. Ауыл шаруашылығы кооперативін мемлекеттік тіркеуден кейін оның құрылтайшылары құқықтарға ие болады және кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, осы Заңда, құрылтай шартында және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында оның мүшелері үшін белгіленген міндеттерді атқарады.
16-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты 1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты кооператив құрылтайшыларының арасында жасалады. 2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шартында мыналар: 1) ауыл шаруашылығы кооперативін құру туралы шешім, оның қызметінің негізгі бағыттары мен түрлері, толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері (атқарушы басқару органының орналасқан жері), басқару органдары; |