2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама (Мәскеу, 2021 жылғы 5 тамызда)
ҚР 2022 жылғы 10 қазандағы № 145-VII Заңымен ратификацияланды 2022 жылғы 25 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеде (көрсетілген Шартқа № 1 қосымша): төртінші абзацтағы «4 жыл мерзімге» деген сөздер алып тасталсын; төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Комиссия департаменттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен еңбек шарттары (келісімшарттар) осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған Комиссия Алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасалады. Комиссия Алқасының Төрағасы Комиссия департаменттері директорларының және олардың орынбасарларының еңбек шарттарын (келісімшарттарын) 3 айға дейінгі мерзімге бір рет ұзартуға құқылы. Комиссия департаменті директорының немесе Комиссия департаменті директоры орынбасарының еңбек шарты (келісімшарты) мерзімінен бұрын тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, Комиссия департаментінің директоры немесе Комиссия департаменті директорының орынбасары бос лауазымына тағайындалатын адаммен еңбек шарты (келісімшарт) осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған Комиссия Алқасының жұмыс мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге жасалады.»; сегізінші абзац «конкурстық негізде» деген сөздерден кейін «және егер мүше мемлекеттің заңнамасында білікті іріктеудің қажеттілігі көзделсе, мүше мемлекетте жүргізілген мұндай іріктеудің нәтижелері ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|