Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес пайдаланушылармен балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеру туралы мәлімет; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды жүзеге асыратын жануарлар дүниесі пайдаланушыларының қорықшылық қызметтері туралы мәлімет; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес пайдаланушылардың ағымдағы жылда балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы көлемдерінің орындалуы туралы мәліметі; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес пайдаланушылардың балық шаруашылық су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітудің барлық кезеңінде балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы қаражатының көлемдері туралы мәліметі; 5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәлімет; 6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәлімет; 7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес пайдаланушыларды материалдық-техникалық жарақтау туралы мәлімет; 8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы саласымен айналысатын субъектілер бойынша мәлімет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|