Осы редакция 2016 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 24 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығына 2-қосымша
«Жердің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерін беру»
1. Жалпы ережелер
1. «Жердің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 10 (он) жұмыс күні; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут; 3) құжаттарды алу кезінде барынша жол берілетін кезек күту уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық жағдайы (топырақтың мелиорациялық жағдайы, бонитет балы және жем-шөп алқаптарының дақылдық техникалық жағдайы) және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтер. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|