«Қызылорда қаласы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №1526 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қызылорда қаласы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1526 қаулы қосымшасына мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған қаулының бүкіл мәтіндегі «мүгедектер» деген сөздер «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын. Аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2022 жылғы 9 қыркүйектегі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|