Теміржол көлігі туралы (2017.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен заңның тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша «Темір жол», «темір жол», «темір жолдармен», «темір жолдың», «темір жолдар», «темір жолдарды», «темір жолдарға», «Темір жолдарды», «темір жолда», «темір жолдардың», «Темір жолдармен», «темір жолдарда», «темір жолдағы» деген сөздер тиісінше «Теміржол», «теміржол», «теміржолдармен», «теміржолдың», «теміржолдар», «теміржолдарды», «теміржолдарға», «Теміржолдарды», «теміржолда», «теміржолдардың», «Теміржолдармен», «теміржолдарда», «теміржолдағы» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара) Осы Заң теміржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылар, тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға; 2) арнайы жылжымалы құрам - магистральдық теміржол желісін және кірме жолдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін теміржол көлігі құралдары; 3) арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау; 4) әлеуметтiк мәнi бар жолаушы қатынастары - әлеуметтiк мәнiн: облысаралық қатынастарда - уәкілетті орган; ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар; 5) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк; 6) бекіту-пломбалау құрылғылары - вагонмен, контейнермен тасымалданатын жүкке қол жеткізілуіне жол бермеу үшін қолданылатын блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері; 7) билет кассасы - оларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жөнінде қызмет көрсетілетін, теміржол вокзалдарында және осы ғимараттардан тыс жерлерде орналасқан жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пункттері; 8) вагон - теміржолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы; 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) вагондарды беру-алып кету - маневрлік локомотивпен вагондардың: станциялық жолдардан - тиеу, түсіру (жүктен босату) орындарына, кірме жолдарға; кірме жолдарда - контрагенттің қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары мен тиеу, түсіру (жүктен босату) орындары арасында орнын ауыстыру; 9) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға; 10) вагондар (контейнерлер) операторының қызметтері - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шарт негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету, бөлу және вагондар (контейнерлер) қозғалысын басқару жөніндегі қызметтер; 10-1) вокзал маңындағы аумақ - теміржол вокзалына кіреберіс және кірме жолдар, қоғамдық және жеке көліктің аялдама пункттері, қойылатын орындар, автомобиль тұрақтары, абаттандыру элементтері бар теміржол вокзалына іргелес жатқан аумақ; 11) габариті ірі (габариттен тыс) жүк - теміржолдың тікелей көлбеу учаскесіндегі ашық жылжымалы құрамда орналастырған кезде габариті жүк тиеу габаритінің ернеуінен сыймай асып тұрған немесе оның геометриялық қиықтағы дөңесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептелген нормативтерден асып кеткен жүк; 11-1) диспетчерлік реттеу - нақты уақыт режимінде тасымалдау процесінің операцияларын басқару және олардың мониторингі процесі; 12) жолаушы - жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға; 13) жолаушы агенттігі - тасымалдаушымен шарттың негізінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жөнінде қызмет көрсететін тұлға; 14) жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі - жолаушылар тасымалын орталықтан басқару және орындарды электронды резервке сақтау жүйесі; 15) жол дамытылымы - магистральдық, станция жолдарының, оларды өзара біріктіретін бағыттамалы бұрмалардың, станция мен кірме жолдардың шегінде орналасқан техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығы; 16) жөнелтушi - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға; 17) жүк - жүк поезында тасымалдауға шарт бойынша қабылданған мүлiк; 18) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға; 19) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк; 20) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға; 21) жүк жөнелтілімi - бір теміржол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы; 22) жүк терминалы - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызметтер кешенін ұсынуға және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға арналған кірме жолдағы құрылыстар мен техникалық құралдар кешені; 23) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн теміржолдар бойынша тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары; 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 23-1) инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті - инфрақұрылымның, жылжымалы составтың техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және әртүрлі санаттардағы поездарды өткізуді ескере отырып, поездардың қозғалысын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай, есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездар мен поезд жұптарының ең жоғары саны; 24) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы; 25) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн немесе кірме жолдар қызметтерін пайдаланатын тұлға; 26) - 28) 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 29) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын теміржолдар; 30) кiрме жолдар қызметтерi - тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарды пайдалануға беру жөніндегі немесе оның жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға көрсететiн қызметтері; 31) қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары - қабылдау-тапсыру операцияларын орындау үшін станция немесе кірме жол шегінде вагондарды теміржолдарға шығару-жинау шартында белгіленген теміржолдар; 32) қабылдау-тапсыру операциялары - жүктерді, вагондарды, контейнерлерді қабылдау (тапсыру) кезінде орындалатын, белгіленген тәртіппен құжаттық ресімделген іс-әрекеттер; 32-1) қауіпсіздікті басқару жүйесі - операцияларды жоспарлау, әзірлеу мен орындау, мониторинг және бақылау, талдау процестерін қамтитын және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі жөнінде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге және адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру қатерін азайтуға бағытталған, тасымалдау процесіне қатысушыны басқарудың өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасаушы құрауыштарының жиынтығы; 32-2) қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті - қауіпсіздікті басқару жүйесінің Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың және бағалаудың жүйелі процесі; 33) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерiне байланысты адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына себеп болуы, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүктер; 34) қол жүгi - жолаушының вагонда өзiмен бірге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен габаритi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары; 35) локомотив инфрақұрылымының объектілері - тартқыш жылжымалы құрамды пайдалануды әрі жарақтандыруды қамтамасыз етуге және локомотив бригадаларына қызмет көрсетуге арналған объектілер; 36) локомотив инфрақұрылымының операторы - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде локомотив инфрақұрылымының объектілеріне иелік ететін және локомотивтiк тартқыш операторларына қызмет көрсететін тұлға; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 37) локомотивтiк тартқыш операторы - меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелiк ететiн, оны күтiп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға; 38) локомотивтiк тартқыш қызметтерi - теміржолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер; 39) магистральдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында теміржол көлігінің жұмыс істеуіне және басқа мемлекеттермен теміржол қатынасын қамтамасыз етуге арналған, басты жолдардан (теміржол станциялары арасындағы аралық жолдардан, іргелес жатқан аралық жолдардың тікелей жалғасы болып табылатын, станциялар шекараларындағы және әдеттегідей, бағыттамалық бұрмаларда ауытқуы жоқ жолдар), сондай-ақ қабылдау-жөнелту жолдарынан (станция шекараларында поездарды қабылдауға, жөнелтуге, басып озуға, айыруға және өткізуге арналған жолдар) тұратын теміржолдар; 40) магистральдық теміржол желісі - халықаралық және республикаішілік теміржол қатынастарын қамтамасыз ететін, өзара жалғасқан магистральдық және станциялық жолдар, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, вокзалдар және олардың жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi өзге де объектілер жүйесі; 41) магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері - поездарды өткізу мен олардың қозғалысы үшін магистральдық теміржол желісін пайдаланумен байланысты, Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларға көрсететін қызметтер; 42) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 43) маневрлік жұмыс - вагондарды өңдеу, сұрыптау, тарқату, тиеуге, түсіруге, жөндеу жолына (жолынан), салмағын өлшеуге әкелу-әкету, поездарды құрастыру, тарқату кезінде олардың орнын ауыстыру, жылжымалы құрамды бір жолдан басқасына ауыстырып қою, локомотивтердің станция шегіндегі қозғалысы, арнайы жылжымалы құрамның, тартқыш көлік құралдарының (локомотивтер немесе моторвагондық жылжымалы құрамдардың) орнын ауыстыру; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды 43-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржолдар - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген темiржолдар; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 43-2) тармақшамен толықтырылды 43-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген объектiлер; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 43-3) тармақшамен толықтырылды 43-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдардың көрсетілетін қызметтерi - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын, темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер; 44) пайдалану құжаттамасы - инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын пайдалану тәртібін көздейтін құжаттама; 45) поезд - Ұлттық инфрақұрылым операторы айқындаған маршрут бойынша жүретін, белгіленген сигналдары бар, жұмыс істеп тұрған бір немесе бірнеше тартқыш көлік құралдары (локомотивтері немесе моторлы-вагонды жылжымалы құрамдары) бар, құралған және тіркелген вагондар құрамы, вагонсыз локомотивтер, моторлы вагондар және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам; 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 45-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 45-1) поездарды қалыптастыру жоспары - тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспарының жобалары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, оның ішінде магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілеті мен станциялардың өңдеу қабілеті ескеріле отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын, поездардың санаты мен бағытын белгілейтін құжат; 46) салмағы ауыр жүк - массасы мен ұзындығы немесе вагонның жақтауына (еденіне) жүктемесі жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарында белгіленген, әмбебап жылжымалы құрамда тасымалдау кезінде рұқсат етілетін шамадан асатын жүк; 47) станциялық жолдар - станциялар шекараларындағы теміржолдар: станциялар шекараларындағы магистральдық жолдарды қоспағанда, сұрыптау, тиеу-түсіру, тартымдық, деполық, жалғастырғыш, арнайы теміржолдар; 48) тармақ иеленушi - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде теміржолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға; 49) тасымалдау - жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін, жүктерді жөнелту пунктінен межеленген пунктке апару; 49-1) тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы - жолаушы, жүк жөнелтуші (жөнелтуші), жүк қабылдаушы (қабылдаушы), экспедитор; 50) тасымалдауға болатын мерзiм - тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының ықтимал шектi мерзiмi; 51) тасымалдау қағидалары - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер; 52) тасымалдау құжаттары - ресiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж түбіртегі, теміржол көлiгi жүкқұжаты); 53) тасымалдау процесі - теміржол көлігімен тасымалдауды дайындау, жүзеге асыру және аяқтау кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты операциялар жиынтығы; 54) тасымалдау процесіне қатысушы - тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы, тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы; 54-1) тасымалдау процесінің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қозғалыс қауіпсіздігі) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның салдарларының ауырлық дәрежесінің ұштасуын ескере отырып, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруге, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге байланысты, тасымалдау процесі операцияларын орындау кезінде жол берілмейтін қатердің болмауы; 54-2) тасымалдаушы - жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде жылжымалы құрамды иеленетін тұлға; 55) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж; 55-1) теміржол вокзалының класы - теміржол вокзалының орындалатын жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) көлеміне және техникалық жарақтандырылуына қарай айқындалған мәртебесі; 56) теміржол вокзалы - класына қарай халыққа теміржол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үйлердің, ғимараттардың (жолаушы платформаларын, вокзал өтпелерін және вокзал маңындағы аумақты қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені; 57) теміржолдар - жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар); 58) теміржол көлiгi - теміржолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi; 59) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 60) теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауiпсiздiгiн, теміржол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi; 60-1) теміржол көлігінің көмекші қызметі - тасымалдау процесінің қатысушысы болып табылмайтын және инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға; 61) теміржол қатынасы - жөнелту және межелі пункттер арасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау; 62) теміржол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткізу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт; 63) уәкiлеттi орган - теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 64) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы - жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдаулар бойынша қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға; 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 64-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 64-1) Ұлттық жүк тасымалдаушы - жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға; 64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы - акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін заңды тұлға; 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 65) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 65) Ұлттық теміржол компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын және теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын Ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық тасымалдаушылар және өзге де үлестес заңды тұлғалар қызметінің бағыттарын үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам; 66) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдаудың төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдауларын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді 2-бап. Теміржол көлiгiнің мемлекеттік саясаты және жұмыс істеу қағидаттары 1. Теміржол көлігінің жұмыс істеуі мынадай қағидаттар: 1) Қазақстан Республикасының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық кеңістігін сақтау және нығайту; 2) Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесінің жұмыс істеуінің келісімділігі; 3) теміржол көлігі инфрақұрылымының тұтастығын және іркіліссіз жұмыс істеуін сақтау; 4) тасымалдау процесінің қауіпсіздігін, үздіксіздігін және іркіліссіздігін қамтамасыз ету; 5) көлік нарығының барлық субъектiлерiнiң теміржол көлiгi қызметтерін ұсынуға және алуға еркін қол жеткізуі; 6) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау; 7) тасымалдаулардың барлық қатысушылары үшін құқықтық және экономикалық кепілдіктердің бірыңғай стандартын қолдану негізінде жүзеге асырылады. 2. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясат халық пен мемлекеттің тасымалдауларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары: 1) теміржол көлiгiнiң магистралдық теміржол желісін және жылжымалы құрамын дамыту; 2) тасымалдарды дамыту; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 3) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін теміржол көлігі мен оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теміржол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара) 5) темiржол көлiгiнде кәсiпкерлiкті дамыту және оған жеке инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау және мемлекеттiк органдардың шаруашылық қызметке заңсыз араласуына жол бермеу; 6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту; 7) магистралдық теміржол желісінiң бірыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау; 8) қоршаған ортаны қорғау; 9) теміржол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру; 10) теміржол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу; 11) транзиттік және халықаралық тасымалдауларды кеңейту; 12) мемлекет, тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметі мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету; 13) көлік-логистика жүйесін дамыту және теміржолдар бойынша жүктердің көлік ағындарын арттыру болып табылады. 3. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру уәкiлеттi органға және құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға жүктеледi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Теміржол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалын ұйымдастыру негiздерi 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) |