Осы редакция 2019 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.03.10. № 835 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығына 6-қосымша
«Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» (2018.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.05.12. № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық департаменттері көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11338 болып тіркелген). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - тиісті біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасымен бекітілген нысанына сәйкес. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|