Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.04.10. № 251 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алып тасталды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 216 қаулысымен бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2018.28.12. берілген өзгерістермен)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018.28.12. № 308 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|