Осы редакция 2018 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 245 бұйрығына 2-қосымша
«Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру және бiлiктiлiк емтиханын өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру және бiлiктiлiк емтиханын өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. 3. «Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
ҚР Әділет министрінің 2016.18.11. № 1057 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде: бiлiктiлiк емтиханынан өткенi туралы материалдарды қарау кезiнде- 10 (он) жұмыс күнi ішінде; біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығару кезінде - емтихан тапсырған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде; лицензияны беру кезiнде - 15 (он бес) жұмыс күнi; лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде - 3 (үш) жұмыс күнi; лицензияның телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметтi беруші көрсетілетін қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|