ҚР Энергетика министрінің 2017.26.01. № 25 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына 7-қосымша
«Қауіпті қалдықтар паспорттарын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қауіпті қалдықтар паспорттарын тіркеу» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешенідегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетінің экологиялық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Қызметті көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтардың тіркелген паспорты.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативті құқықтық актілер реестрінде № 11229 тіркелді) «Қауіпті қалдықтар паспорттарын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастау үшін негіздеме болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы: портал арқылы не қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|