Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 478 бұйрығына қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (59-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) мына жұмыстарды: музыкалық аспаптары өндірісін (жалпы кәсіптер); клавиштік аспаптар өндірісін; қияқты аспаптар өндірісін; шертпелі аспаптар өндірісін; тілдік аспаптар өндірісін; үрмелі және ұрмалы аспаптар өндірісін; музыкалық аспаптарды жөндеу және қайта жаңартуды қамтиды. 2. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік аңықтамалығын (59-шығарылым) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген. 3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Музыкалық аспаптар өндірісіне (жалпы кәсіптер) арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Арнайы ағаш өңдеу станоктарының станокшысы, 2-разряд
4. Жұмыс сипаттамасы: музыкалық аспаптардың қарапайым ағаш бөлшектері мен тораптарын арнайы дөңгелетіп аралау, бұрғылау, фрезерлеу және тегістеу станоктарында өңдеу; клавишті музыкалық аспаптардың балғашаларының керндерін бұрғылаудың қажетті бұрыштарын алу үшін көлденең бұрғылау станогының бұрылыс алаңының бұрышын анықтау; балғашалар саңылауларының диаметрлері мен бүгілу бұрыштарын арнайы калибрмен - тығынмен және бұрыштық калибрмен тексеру. арнайы ағаш өңдеу станоктарының мақсаты, жұмыс қағидаты; арнайы құрылғылардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі; геометрия және кесу құралын қайрау ережесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|