Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы
Осы редакция 2022 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 - бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 - бабына сәйкес ШЕШТІМ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Есіл ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын. 2. Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 тіркелген); 2) «Есіл ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 62 «Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 14 тамыздағы № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7987 тіркелген). 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Х. Мұсабаевқа жүктелсін. 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Есіл аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы М.Т. Алибекова
2021 жылғы 18 маусымдағы № 11 шешіміне қосымша
Есіл ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|