Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау,
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1116 Қаулысымен бекітілді 2016 жылғы 25 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері 1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімнің ережелерін орындау кезінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында өлшем бірлігін және дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықтың экономикалық орындылығын ескере отырып, өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу жөніндегі метрологиялық қызметтердің тиімді қызметіне мүдделі бола отырып, мемлекетаралық ретінде «МемСТ» аббревиатурасы бар стандарттардың қолданысын сақтау және оларды пайдалана отырып өлшем әдістері мен құралдарына, метрологиялық нормалар мен қағидаларға, өлшем процестеріне, олардың нәтижелерін өңдеуге және ұсынуға қойылатын талаптарды артықшылықпен қалыптастыру қажеттілігін назарға ала отырып, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағында өлшем бірлігі ретінде (SI) Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірлігін тани отырып, өздерінің шама бірлігінің ұлттық эталондарын «басты», өңіраралық, мемлекетаралық немесе екіжақты салыстырып қарауға қатыстыруды қамтамасыз ете отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты: өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу және осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде жасалған өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, жеке-дара даналарын сынау (метрологиялық аттестаттау), сондай-ақ осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде жүргізілетін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін тануға қолдану нәтижелерін өзара танудың негізгі шарттарын айқындау болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|