«Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (2020.13.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11590 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «4. «Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»; ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.13.04. № 135/НҚ бұйрығымен 1-тармағының бесінші - жиырма жетінші абзацтарының күші жойылды (бұр.ред.қара) Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне: 5-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі - ҚР ҚМ) РЖС келісу рәсімін және (немесе) Шекаралас мемлекеттің байланыс әкімшілігімен (бұдан әрі - Байланыс әкімшілігі) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізу үшін хатты жібереді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|