Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Осы редакция 2016 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін әскери мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) мекемені әділет органында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 1153 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 552-құжат): тақырыбында және 1-тармақта «Шет ел тілдері әскери институты» деген сөздер «Әскери институты» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: тақырыбында және 1-тармақта «Шет ел тілдері әскери институты» деген сөздер «Әскери институты» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Институттың заңды мекен-жайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 210. 7. Институттың толық атауы: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі».»; 2) ҚР Үкіметінің 2014.27.06. № 707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|