|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 125-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 940-баптың 3-тармағындағы «мүгедектерге», «ата-аналарының біреуіне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-сіңлілерін, қарындастарын күтумен айналысатын» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарға», «қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-сіңлілерін (қарындастарын) күтумен айналысатын ата-анасының біреуіне, жұбайына не» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1052-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекемелердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың осы мекемелердің (ұйымдардың) директорлары және бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 51-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы «мүгедектерге» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 52-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 53-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «мүгедек баланы» деген сөздер «мүгедектігі бар баланы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 54-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацындағы «мүгедек балаларды қоса, мүгедектерді» деген сөздер «, мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 55-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының алтыншы абзацындағы «мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді» деген сөздер «қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 56-бапта: 1-тармақтың 4) тармақшасында: үшінші абзацтағы «мүгедек балаларды» деген сөздер «мүгедектігі бар балаларды» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы «мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына», «мүгедектерді», «мүгедектер» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың 7) және 9) тармақшаларындағы «мүгедектердің», «мүгедектер» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 147-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң мүгедектігі бар ортақ балаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының сот тәртібімен алимент беруді талап етуге құқығы бар.»; 2) 148-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң мүгедектігі бар ортақ балаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;»; 3) 169-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «Мүгедек» деген сөз «Мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 222-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарды дәрігерлік-консультативтік комиссияның төрағасы куәландыруы мүмкін.». 4. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: 1) 43-баптың үшінші бөлігіндегі «мүгедектерге» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 44-баптың бірінші бөлігіндегі «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 45-баптың үшінші бөлігіндегі «мүгедектерге» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 72-бапта: бірінші бөліктің төртінші абзацындағы «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «мүгедектерге» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші бөліктің 2) тармағындағы «мүгедек» деген сөз «мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылсын; сегізінші бөліктің 3) тармағының екінші абзацындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 152-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «мүгедекпен» деген сөз «мүгедектігі бар адаммен» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 1) 30-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсететін қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.»; 2) 81-баптың алтыншы бөлігіндегі «мылқау немесе саңырау адамдардың» деген сөздер «сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 145-баптың үшінші бөлігінің төртінші абзацындағы «мүгедек туыстары» деген сөздер «мүгедектігі бар туыстары» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 210-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған куәдан, жәбірленушіден, күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу сурдоаударма дағдыларын меңгерген адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі.»; 5) 640-баптың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарды, сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарды, есту қабілетінен толық айырылған адамдарды және көру қабілетінен толық айырылған адамдарды; 3) мүгедектігі бар адамдардың сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық не техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде, оларды процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби міндеттерін атқарудан босатады.». 6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне: 1) 10-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сөйлеу не есту не көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар сотталғандардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.»; 2) 16-баптың бірінші бөлігінің 18) тармақшасындағы «мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген» деген сөздер «мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 52-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «9. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.»; 4) 57-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.»; 5) 69-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа – оны мәжбүрлі еңбектен босату туралы ұсыну, ал сотталған адам жүкті болған жағдайда жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну жібереді.»; 6) 86-баптың екінші бөлігі 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Науқас сотталғандар, мүгедектігі бар сотталғандар медициналық қорытындыда саны мен ассортименті айқындалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар салынған сауқаттар мен сәлемдемелер алуға құқылы;»; 7) 96-баптың 3-1-бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Сотталған жүкті әйелдерге және жанында жас балалары бар сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.»; 8) 105-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жүкті әйелдер, балалары бар әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар және емдеу-профилактикалық мекемелерде ұсталатын сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды шектеусіз сатып алуға құқылы.»; 9) 113-бапта: екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балалары бар сотталған әйелдердің олармен кездесу үшін жылына бір рет қысқа мерзімге шығуына құқығы бар.»; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар, денсаулық жағдайына байланысты үнемі күтімге мұқтаж сотталғандардың, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандардың жұбайымен (зайыбымен), туысымен немесе өзге еріп жүруші адаммен бірге мекеме шегінен тыс жерге шығуына рұқсат етіледі.»; 10) 115-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ науқастар мен мүгедектігі бар адамдарға жақсартылған тұрғынжай-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтанудың жоғарылатылған нормалары белгіленеді. 6. Мүгедектігі бар сотталғандар ұсталатын ғимараттар мен үй-жайлар арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықталады.»; 11) 127-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектігі бар сотталғандар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өздерінің қалауы бойынша алады.»; 12) 134-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мүгедектігі бар сотталғандарды ұстауға арналған тәртіптік изоляторлардағы камералар мен жалғыз адамдық камералар арнаулы техникалық құралдармен жабдықталады.»; 13) 144-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Сотталған жүкті әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандар қатаң жағдайларда ұсталмайды.»; 14) 162-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде жазаны орындайтын орган сотқа оны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсыну енгізеді.»; 15) 166-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацында: «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын; «мүгедектер және қарттар үйіне» деген сөздер «қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға)» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 167-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босату кезінде мекеме әкімшілігі олардың жұбайын (зайыбын), туыстарын не сотталған адамның өтінішінде аталған өзге де адамдарды, сондай-ақ сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметін алты ай бұрын хабардар етеді.»; 17) қосымшаның 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арнап жасалған көлік құралдары, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнаулы жүріп-тұру құралдары;». 7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 79-3-бапта: 1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «мүгедектігі бар адамдарды; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді;»; 3) тармақшада: бірінші абзацтағы «мүгедектердің», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдарға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын; сегізінші абзацтағы «мүгедектерді», «мүгедек балаларды» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар балаларды» деген сөздермен ауыстырылсын; тоғызыншы және он бірінші абзацтардағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 138-баптың 47) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «47) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында;». 8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 1) 14-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсететін қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.»; 2) 46-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын: «1-1. Іске қатысатын, есту және (немесе) көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар, сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдар осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құқықтарды аудармашы көрсететін қызметтердің көмегімен, сондай-ақ сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарды қолдана отырып пайдалануға құқылы.»; 3) 56-4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Аударма жасау үшін білуі қажет тілдерді, оның ішінде ымдау тілін және (немесе) Брайль әліпбиін меңгерген және іске қатысатын адам, сондай-ақ куә, сарапшы, маман іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшін процестік әрекеттерге қатысуға тартылған, іске мүдделі емес адам аудармашы ретінде шақырылады.»; 4) 112-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «І және ІІ топтардағы мүгедектер» деген сөздер «бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне: 1) 6-баптың 2-тармағында: «сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын; «байланысты» деген сөзден кейін «немесе өзге де мән-жайлар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мүгедектігі бар адаммен жасалатын еңбек шартында жұмыс орнын оның жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.»; 3) 54-баптың 2-тармағындағы «мүгедек баланы» деген сөздер «мүгедектігі бар баланы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 69-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.»; 5) 75-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Бірінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді. Егер екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге сараптамалық кәсіптік-патологиялық комиссияның қорытындысы негізінде жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеуге тыйым салынған болса, оларға мұндай режим белгіленбейді.»; 6) 76-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мүгедектігі бар жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.»; 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мүгедектігі бар он сегіз жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес.»; 7) 77-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді.»; 8) 89-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.»; 9) 127-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер медициналық көрсетілімдер бойынша он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің, жүкті әйелдердің, сондай-ақ мүгедектігі бар жұмыскерлердің мұндай жұмысына тыйым салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы. 5. Үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедектігі бар балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімнің жүзеге асырылуына мұқтаж болса, отбасының науқас мүшелеріне күтімді жүзеге асыратын не мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.»; 10) 135-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүктілігі туралы анықтама берген, жүктілік мерзіміне он екі және одан көп апта болған жүкті әйелдер, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді. Өзге жұмыскерлер, егер оларға мұндай жұмыстардың медициналық қорытындылар негізінде қарсы көрсетілімі болмаса, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін.». 10-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 10. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 129-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту мен қолдауға, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат жатады.»; 2) 178-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту мен қолдауға, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат жатады.». 11. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағында: 49) тармақшадағы «, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті» деген сөздер «және ауылдық елді мекендерге арналған жылжымалы дәріхана пункті» деген сөздермен ауыстырылсын; 159) және 191) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «159) медициналық-әлеуметтік оңалту – жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік-еңбек іс-шараларын пайдалана отырып, науқастар мен мүгедектігі бар адамдардың денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені;»; «191) мейіргерлік күтім – денсаулықты насихаттауды, аурулар профилактикасын және науқастардың, мүгедектігі бар адамдар мен хал үстіндегі адамдардың күтімін қамтитын, барлық жастағы, топтар мен қоғамдастықтардың адамдарына, науқастарға немесе сау адамдарға мейіргерлер және кеңейтілген практиканың мейіргерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;»; 2) 7-бапта: 43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «43) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 104-1) тармақшамен толықтырылсын: «104-1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»; 3) 12-баптың 2-тармағында: мынадай мазмұндағы 21-2) тармақшамен толықтырылсын: «21-2) дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»; 27) тармақшадағы «аудан орталығынан шалғайдағы» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) 65-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) халықтың барлық тобы үшін көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мүмкіндігі шектеулі басқа да топтары үшін медициналық мақсаттағы объектілерді бейімдеу;»; 5) 77-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектігі бар адамдардың) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар.»; 6) 78-бапта: 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 77-бабының 1-тармағында көзделген құқықтардан бөлек, әрбір баланың:»; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың (мүгедектігі бар балалардың) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар.»; 7) 83-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.»; 8) 122-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек – орта медицина қызметкерлері дербес немесе мультипәндік команданың құрамында көрсететін, денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектігі бар адамдар мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын медициналық көмек.»; 9) 125-баптың 5-тармағындағы «мүгедек балалардың» деген сөздер «мүгедектігі бар балалардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 165-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 233-бапта: 4-тармақтың 5) тармақшасы «денсаулық» деген сөздің алдынан «осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда ауылдық елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтағы «Аудан орталығынан шалғайдағы, дәріханалары жоқ» деген сөздер «Дәріхана жоқ ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 276-бапта: 1-тармақтың 6) тармақшасындағы «бірінші бөлігін;» деген сөздер «бірінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын; 2 және 3-тармақтар алып тасталсын. 12. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) орындармен артықшылықпен қамтамасыз етілу құқығы беріледі.»; 2) 17-баптың 2-тармағындағы «І және ІІ топтағы мүгедектердің» деген сөздер «бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын. 13. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 10-баптың бесінші абзацындағы «мүгедек деп танылған», «адамдардың балалары» деген сөздер тиісінше «адамдардың мүгедектігі бар», «балалары» деген сөздермен ауыстырылсын. 14. «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 24-баптың бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) бірінші кезекте орналасуға, оларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық мемлекеттің қамтамасыз ету жағдайында тұруға;».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |