|
|
|
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 және «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Осы редакция 2023 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу нөмірімен Тізілімінде № 17199 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында: 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.»; 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |